Маң төбет еді Бөріала қораға сақ – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Маң төбет еді Бөріала қораға сақ» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1255
Маң төбет еді Бөріала қораға сақ,
Арсалаңдап шығады бара қалсақ.
Бейшараны мінетін,
Көнетұғын,
Тоқым-терлік үстіне балалар сап.
Шұрылдасып жататын қаумалап ап,
Мизымайды арлан ит – «аумаған ат».
Ұмтылатын кенеттен жыға-мыға,
Құлдиласа салт атты тау жағалап.
Боқжамаға толы үсті далбаңдаған,
Ат үркітер киімдер салбаңдаған.
«Жүгенделген», «ерттелген» итті көріп,
Күлетұғын келгенде малдан ағам.
Құла түздің ықтырдың абалағын,
Бір кісідей түсіндің дала мәнін.
Жоғалдың да жым-жылас, бірге әкеттің –
Бақ-дәулетті үйдегі, сабалағым...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маң төбет еді Бөріала қораға сақ өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Маң төбет еді Бөріала қораға сақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маң төбет еді Бөріала қораға сақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маң төбет еді Бөріала қораға сақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері