Қорланудан жүрегім
Бұл бетте «Қорланудан жүрегім» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қорланудан жүрегім,
Қуырылып барады...
Тез таппасам бір емін,
Көкіректі жарады.
Тапталудан жүрегім,
Қансырады жаншылып.
Түнек болды түр-өңім,
Көзін жұмды қанша үміт.
Найзаланып тесілді,
Шоқпар тиіп езілді.
Арман-тілек кесілді,
Дүние тар сезілді.
Құлшылықтар құлшынған,
Таяз болды жадағай.
Тілім қан боп қыршылған,
Қан-қақсадым жарадай.
Соққы келіп соқты кеп,
Есеңгіреп құладым.
Ауыруым кетті үдеп,
Тітіркенді құлағым.
О, Жаратқан, бір Алла,
Бердің маған жыр айдын.
Қолым жетті Құранға,
Мінажат қып жылаймын.
Сен риза бол, Ием,
Соқыр көзім торланба!
195
Үнсіз тыңдап мөлием,
Кеудем шерге толды, Алла...
Қайтып бабын табамын,
Мінезім бар ең шадыр?
Жерге тимей табаным,
Қызмет етуге бер сабыр...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі