Ықылас пен ихсан – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Ықылас пен ихсан» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 862
Әр амалда болу керек ықылас,
Сәулеленсін ниетің де ып-ырас.
Ризасы үшін ғана Аллаһтың
Тірлік етіп ізгілікке ұшырас.
Рухым биік болсын десең алаңсыз,
Ихсанды боп, иманыңыз қалансын.
Аллаһ көріп тұрғандығын шын сезу,
Жүрегіңнен қаныңызға таралсын.
Ықылас пен Ихсан болса орныққан,
Онда аулақсың екі әлемде қорлықтан.
Мұң кешпейді, мінгеспейді шайтанға,
Мүмүн болып мұсылмандық жолды ұққан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері