Жүзің сынық кейпіңді

Бұл бетте «Жүзің сынық кейпіңді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 937
Жүзің сынық кейпіңді,
Көргім де жоқ, жан еркем.
Мұңмен қарсы ап кей түнді,
Күліп тұрдың таңертең.
Кездеріңді пұшайман,
Сездірмедің пендеге еш.
Көңілімнің құсы, айнам,
Өзіңде ғой, менде емес.
Жанымды шын баурадың,
Күміс күлкің елітті.
Сен жоқ жерде жаурадым,
Бақытым да кеміпті.
Келешекке сенемін,
Жаси берме, налыма.
Бақыт құсы – сен едің,
Қонған келіп қолыма.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүзің сынық кейпіңді өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүзің сынық кейпіңді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүзің сынық кейпіңді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүзің сынық кейпіңді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері