Көкіректі кернейді кермек шерім
- 0
- 1
Көкіректі кернейді кермек шерім,
Адалдығың, пәктігің – жөргек сенің.
Дәрменсізбін, сұлу ең сүдіні ерек,
Көгілдірі тәрізді өр Көкшенің.
Бұл бетте «Алтыншы тыныс» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Көкіректі кернейді кермек шерім,
Адалдығың, пәктігің – жөргек сенің.
Дәрменсізбін, сұлу ең сүдіні ерек,
Көгілдірі тәрізді өр Көкшенің.
Көңіл құлап, өзіңе телмеңдедім,
Жетті саған бар сырым желмен менің.
Қызыліңір шақта бұл кеш оянған,
Махаббатым сен бе едің келген менің?
Қыз-күлкісі фонтанның бойды алады,
Күміс-тамшы: сезімге айналады.
Тапты ма екен үнінен жанға сая,
Бір сұлу қыз көз алмай ойланады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі