Сен де жынды, мен де ақымақ екенмін – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сен де жынды, мен де ақымақ екенмін» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 888
Сен де жынды, мен де ақымақ екенмін,
Сөзін тыңдап, иланамыз бөтеннің.
Ал еркектің еректігі болмай ма?
Қиналтады жетпегені жетеңнің.
Алыстадым, аулақ салам іргемді,
Қатар жүру қиын соғар бірге енді.
Тастап шықтым қиналсам да қия алмай,
Сен орнатқан салтанатты түрмеңді.
Жол таба алмай түтігемін басқадай,
Соңым – мәнсіз ...
Сүрлеу жатыр таспадай.
Екеуміз де ғашық едік, гөзәлім,
Ойлай-ойлай сабырымның қашқаны-ай.
Соның бәрі қайда қалды?
Адастым,
Мықтылары маңып кеткен алаштың.
Мені де әлсіз шақырады жол алыс,
Болашақты бір безбендеп бал аштым.
Сен ақылды, мен ақымақ ерек тым,
Сұлулығы сенде бар ғой теректің.
Сұмыраймын өзің жиі айтатын,
Қудың мені, енді кімге керекпін?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен де жынды, мен де ақымақ екенмін өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сен де жынды, мен де ақымақ екенмін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен де жынды, мен де ақымақ екенмін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен де жынды, мен де ақымақ екенмін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері