Нағыз ақын – Ғайникамал Сәдуақасова

Бұл бетте «Нағыз ақын» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған поэзия туралы өлең берілген.

Нағыз ақын

Бір-бірінен асырып жыр жазатын,
Таланттылар қазақта болсада мың.
Халық бірақ бәрінен биік қояр,
Таулардан жаратылған-Мұзбалағын.

Мұқаң өлең,
Мұқаң жыр,
Мұқаң дастан.
Қара өлеңге болыпты құмар жастан.
Өміршең өлеңімен өмір сүріп,
Қалам ұшы кетті ғой мұқалмастан.

Өр рухты, лаулайтын намыс неткен,
Сол үшінде жалғыз ол, жалғыз кеткен.
Өлеңдері оқылса селт етемін,
Мұқағали келердей таныс леппен.

Өмірін өтсе дағы күресінде,
Қала білдің халықтың шын есінде.
Туады нағыз ақын деп едің ғой,
Нағыз ақын тек сенсің білесің бе?

©️ Сәдуақасова Ғайникамал


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар