Бұл бетте «Қызғаныш» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
04.08.2019
0
0
3073
Мен сені қызғанамын досымнан да,
Еріксіз қысыламын осымнан да.
Бұл менің ынтызарлық назым ғана,
Күніміз не болады қосылғанда?
Мен сені қызғанамын қасымнан да,
Өзіңнен маған қымбат асыл бар ма?
Бұл менің ынтызарлық назым ғана,
Күніміз не болады қосылғанда?
Мен сені қызғанамын масылдан да,
Парықсыз, берекесіз тасырдан да.
Қаншама сүйдім-күйдім деген жандар
Бағаңды менен артық асырған ба?
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі