Бұл бетте «Біздің сезім» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сенде мені түсінбей,
Менде сені түсінбей,
Күліп-ойнап қуанып
Күн өте ме күрсінбей?!
Сенде маған қырсығып,
Менде саған қырсығып,
Бара жатыр арада
Сезім сорлы тұншығып.
Сенде мені кінәлап,
Менде сені кінәлап,
Ескі құсқы жараны
Жүрек барад жұлмалап.
Сенде мені сүйесің,
Менде сені сүйемін,
Бұл сезімге не дейін
Сүйгені үшін күйетін.
Сен тұрасың тосылмай,
Мен тұрамын тосылмай,
Өлсе дағы қырсығар
Біздің сезім осындай!
©️ Сәдуақасова Ғайникамал
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі