Қимылдап қал қызыл тіл

Бұл бетте «Қимылдап қал қызыл тіл» атты Базар Оңдасұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4952
Он сегіз мың ғаламнан
Біз бір пенде Адамнан.
Неше дүркін ел өтті,
Содан бергі заманнан.
Жетсе тағдыр, аумайды -
Өлшеулі өмір қадамнан.
Сайраған тілім сап болар,
Санаулы күнім таусылса,
Аузымдағы жаланаған.
Сол барында сөйлейін,
Атырапқа назар сап,
Жұмылмай көзім қаранған.
Қарындастар қашындар,
Нәпсіңді тиып арамнан.
Бір құдайдан тілеңіз:
«Несіп бер, - деп, - адалдан!»
Атамыз Адам пайғамбар,
Он сегіз мың әлемнің -
Абзалы болып жаралған.
Ұлықтығы мұншама -
Құдайым әмір еткен соң,
Періште күллі қамалған.
Әзезіл қалған айырылып,
«Нәсілім - от!» - деп о жолдан.
Құдіреті күшті құданың,
Тағдырына шара не,
Бос болған соң әзәлдан?
«Әмірді тәрік еттің» деп,
Құдырет мұны шам алған.
Нұсқасыз сезім жоқ еді,
Қарасаң молда, тәліптер,
Осы сөзім ғазалдан.
Сөйлеріне келгенде,
Судағы қара сүліктей,
Қызыл тілім қадалған!
Шабарына келгенде,
Қашаған қуған жүйріктей,
Оңды-теріс оралған!
Озарына келгенде,
Түрікпен соққан мылтықтың -
Толқыған шойын оғындай,
Қарадан шығып жоғалған.
Қызметіңді шегейін,
Қаумалаған қарындас;
Қеңестің арзан келуі -
Пайда болған самалдан.
Қимылдап қал, қызыл тіл,
Жарығым - болар қараңғы,
Қарындастар, мен сені
Енді бір қайтып таба алман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қимылдап қал қызыл тіл өлеңінің авторы кім?

Базар Оңдасұлы — осы өлеңнің авторы.

Қимылдап қал қызыл тіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қимылдап қал қызыл тіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қимылдап қал қызыл тіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері