Зауал

Бұл бетте «Зауал» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Қып-қызыл аспанның жиегі сөгіліп
қара жер төсіне төгіліп шашырар,
Шаң борап самиян далада
меңіреу ажалдың есігі мөңіреп ашылар.
Ананың бүлк еткен құрсағын
құрсаулап шөккенде нән тұман
бурадай бұлқынып,
Үрейге малтығып түс көрем түнімен
тұлымы тұлданған құбыжық ұл туып...
Шілдеде шық тұрған жалбызды жағалау
у тұнған тамшысын қалтырап ұсынар,
Бабадан тәбәрік күмістен пиала
қарғыстан қақырап,
быт-шыт боп шытынар...
Е-е-е... таңғы газеттер сөйлейді:
«Халыққа төнетін ешқандай,
ешқандай қауіп жоқ...»,
Ұмытқан ұятын ауызда әмір жоқ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зауал өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Зауал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зауал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зауал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері