Қанжілік боп қалжырадым

Бұл бетте «Қанжілік боп қалжырадым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 767
Қанжілік боп қалжырадым...
Қасаңмын,
Шаң қапқаны жерге тимес шашамның.
Неткен сонша шетін едім,
Шерменде,
Қара бұлтын алып кетер қашан мұң?
Көріп жүрмін өзек түсіп,
Шырғалаң,
Бедірейіп қарсы алдымда тұр ғалам.
Адағайлап қуып жетті
Албастым,
Кездерім жоқ «сыбағамнан» құр қаған.
Болып аппын қарап тұрсам –
Жаңғалақ,
Бір кездері мінуші едім таңдап ат.
Серілігім бұл өмірде бейбаян,
Жоғалыпты,
Маңдайға әжім таңбалап.
Кімдер маған қол жетпесті
Әпермек?
«Ол туралы ойлау тіпті – қатер» деп,
Бір жолдасым тұра қашты
Содан соң,
Көп нәрсені қойдым іштей
Қаперлеп.
Жаман оймен салаға сап,
Талдадым,
Қаракетке қара қанжар қамдадым.
... Салмадағы кептірілген етке ұқсап,
Ақырында шықты менің
Дал-далым ...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанжілік боп қалжырадым өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қанжілік боп қалжырадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанжілік боп қалжырадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанжілік боп қалжырадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері