Өлең, жыр, ақындар

Шахмат

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1299
Малағамды бұрқ-сарқ еткен түндегі,
Білді құдай,
Өсекші де білмеді.
Ферзіменен «шах» жасады патшамыз,
Түркілерді көзіне де
Ілмеді.
Күрсін ақ шың,
Қара қорым көш енді,
Шамаң жетсе сен де алып қал есеңді.
Бірақ қайда барасың-ау,
Жылжысаң –
Табасың ғой құз табанын – көшеңді.
Жылжығанда –
Өрлеу керек әркімге-ақ,
Біреуге – атақ, біреулерге – ар қымбат.
Қылышыңды қайрай берші балдақты:
Мұрт басармыз ...
Шарық табақ шарғыңды ап.
Қара қорым – қара халық шұбырған,
Көңілі қап,
Таяқ жеген ғұмырдан.
Дәрет сүртіп ...
Шешті әлдекім ел жайын,
Қайнап жатыр, қайнап жатыр зығырдан.
Қарап тұрсаң басшыларда қыпыл бар,
Қызыл сөз бен қара суды жұтыңдар.
Алаңдарға
Адамдарды жинайды,
Би болады ...
Топылады тұқылдар.
Ертеңгі күн бір кісінің соры асқақ,
Қарсы алады лас – алаң, қораш – бақ.
Содан кейін кешке дейін мықшыңдар,
Құлағында
Ызыңдайды хор, аспап.
Жүрек – торсық кеудесінде бұлқынар,
Дәрмені жоқ, биіктікке ұмтылар.
Тек алаңды ыждаһатпен сыпырар,
Жалақы алсам деген жалғыз
Құлқы бар.
Қара халық өкілі – бұл: Ынсапты,
Тұрмыс билеп, сананы тот тұмшапты.
Әмір беріп ту сыртынан әлдекім,
Фашистерге қарсы «уралап»,
Кім шапты?
Халық, халық!
Қаһарланса қаймықпас,
Парасатты адамдыққа байлық – қас.
Мансабына мелдегінен тойынып,
Жайғап отыр шаруаны жайды ұқпас.
«Шах!» деп қалды, жүрісіне шаттанып,
Қарсыласы жарылуға шақ қалып.
Әзер отыр,
Томағасын сыпырмай,
Бауыздадым екеуін де мақта алып.
...Қояр түбі барлығына «мат!»
Халық.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Кіл сезіммен жүрегімді күптедің

  • 0
  • 1

Кіл сезіммен жүрегімді күптедің,
Жарқыным-ау, сенен бұны күтпедім.
Барасың ғой күнен-күнге баурап тым,
Неткен сонша жаның жомарт, мықты едің.

Толық

Алтыншы тыныс

  • 0
  • 1

Қара шашың шалғынды көміп кеткен,
Маужырайды қара түн төніп көктен.
Қара көзің мойылдай мөлдірейді,
Жасандырып жіберген елік-көктем.

Толық

Белгісіз менің аужайым

  • 0
  • 0

Белгісіз менің аужайым,
Тірлігім бар ғой шап-шағын.
Ұстамай өлең шаужайын,
Жеткізбес маған бақ-сағым.

Толық

Қарап көріңіз