Өлең, жыр, ақындар

Ұлы жіңгір боз дала

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 783
Дархан дала!
Топырағың құнарлы,
Тудың не бір тұлпарлар мен қыранды:
Қазақстан, қайта жаңғыр!
Жарар ед,
Бітей алсам жамау болып,
Жыраңды.
Сен менсіз-ақ күн кешесің,
Жоқ – қатам,
Саған деген махаббатым шоққа тән.
Туған жердің ардасы едім шандоз бір,
Ал өзіңсіз,
Тірлігімді тоқтатам.
Оянамын берген кезде таң қылаң,
Жұмыс та жоқ бұ күндері
Мандыған.
Терезеден көз тастаймын
Далама,
Ұйқыңды ашшы,
Қалың елім,
Қалғыған.
Неге сонша мүлги бердің
Нықсырап?
Байқап бақсаң –
Бізді біреу тықсырат.
Тұлпарларың
Тұрмансыз тұр елеңдеп,
Қол жаямын,
Құдайыма
Құт сұрап.
Ұлы Дала –
Қазақстан!
Отаным!
Иисің-ау боздауына ботаның.
Шошынды да шайтандардан Шоқайың,
Көкіректен көз жұмды ғой
Шоқаның.
Ой айттық па,
Жүрдім-бардым, бошалаң,
Кездерің жоқ қасіреттен босаған.
Асыл сөзім қалар ма екен,
Шаң басып,
Білем соны,
менің көрім – босағаң.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Асық жатыр шашылып, алашада

  • 0
  • 1

Асық жатыр шашылып, алашада,
Тірлік жалған, алтынға баласа да.
«Әттең» деумен өкіне күй кешеміз,
Ойымызбен уақыт санаса ма?

Толық

Осы кеудем түбінде алып тынар

  • 0
  • 0

Осы кеудем түбінде алып тынар,
Өмірімнің бетінде қалытқы бар.
Қалай ғана қиямын қара жерге,
Жүрегімді жерлеуге сауық құмар?

Толық

Ала көзді аспансың

  • 0
  • 0

Ала көзді аспансың,
Жұрдай кірпік, қабақтан.
Қонышыңнан басқансың,
... Тісің батып, қан аққан.

Толық

Қарап көріңіз