Қара суық

Бұл бетте «Қара суық» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1374
Қара суық,
Долы жел шамданады,
Жеп. Жұлынып,
Лағады маң даланы.
Көк теректі теңселтті сындырардай,
Илеуіне түсірер жалған әлі.
Ал әзірше,
Есірік: шабынады,
Алып қашып тұмақты,
Қағынады.
Шалғайыңнан тартады келеке етіп,
Сәл күте тұр,
Бір зауал табылады.
Сала берме
Сыртқа көп айдыныңды,
Текке шашып,
Білеуіт, «байлығыңды».
Тәңір шебер.
Байқатпай толтырады,
Қоржыныңа тең бөліп,
Қайғы-мұңды.
Мен сияқты жүрерсің
Мәжінденіп,
Бет-жүзіңді шимайлап,
Әжім көміп.
Тірлігімнің,
Тұрлаусыз шырқы қашып,
Көң кеудемде
Қалды ғой назым кеміп.
... Құлаш-құлаш
Қатыпты сүңгі үйлерге,
Қайғы деген қабындап,
Ілбиді өрге.
Үңірейген көр кеудем азынайды,
Одан сайын сен мені
Үңги берме.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара суық өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қара суық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара суық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара суық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері