Ұйқым менің келмейді

Бұл бетте «Ұйқым менің келмейді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1179
Ұйқым менің келмейді,
Арбасамын,
Тауға соғып басымды, жар басамын ...
Адымымды
Аштырмай қарыстырдың,
Маған деген, қу құдай, бар ма шамың?
Көп болды ма кесірлі күпірлігім?
Барымды ұрлап бойымнан бітірді күн.
Жазымышқа бағынып, мойынсұнып,
Сорым қайнап жүрмін ғой ...
Шүкір, бүгін ...
Бәрі менде секілді бейне міннің,
Көгермесін түсіндім көйлегімнің.
Қамшы басып, пенделік шыршуына,
Шартшұрт сынған мысаға кейде міндім.
Ұйқы менен қашады.
Көр – төсегім,
Қуанар ем дәл қазір өртесе кім ...
Толғандырған кеудемді
Аспаһани,
Жібермейді жабысса, дерт есебін.
Сар даланың төсінде сандаламын,
Қорықпас дерсің пәниде
Алладан кім?
Асқақ-асқақ сөз айттық –
Ашынғаннан,
Қаратаудай қайғыдан дал боламын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқым менің келмейді өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұйқым менің келмейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқым менің келмейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқым менің келмейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері