Христиандар 13 санын сүймейді

Бұл бетте «Христиандар 13 санын сүймейді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 641
Христиандар 13 санын сүймейді,
13 десең, бәлкім, үрей билейді.
Күйттегені қара басы, сол баста,
Тұрса-дағы мамыражай күй мейлі.
Ол өйткені ғасыр саны: қан – қабақ,
Ізін салды тарихқа әбден таңбалап.
Дешті Қыпшақ құлап еді сол жүз жыл,
Олжа әперген ойсыратып, сан қабат.
Ұлы жіңгір Мемлекет күйреді,
Өңіріне сүңгіні әкеп, түйреді.
Қолдарынан найза түспес халықты,
Тәлей дәмі, әр қиырға сүйреді.
Соны көріп шошыды олар ...
Табынған,
Сайын Дала – қара қанға малынған.
Бақа басты бақадүрлер, ту сырттан,
Қаңтардағы бурадай боп, шабынған.
13-ші ғасыр еді, ақырғы,
Бабалардың қанын судай сапырды.
Тұран жұрты мәңгілік боп көрінген,
Быт-шыт қирап, сатқа ұрғызды кәпірді.

Содан бері 13 саны оңбаған,
13 десе христиандар болды алаң.
Бас көтермей қалды қайтып, Дешті елім,
Ойлап кетсем, қарап тұрып долданам.
Қанша жүз жыл жүргізіп ең, пәрменді,
Көріп тұрмын ең ақырғы дәрменді.
... Теңізші мен кемпір ғана ырымшыл,
Неге сонша,
Тәңір саған кәрленді?..


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Христиандар 13 санын сүймейді өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Христиандар 13 санын сүймейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Христиандар 13 санын сүймейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Христиандар 13 санын сүймейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері