Тауды қара

Бұл бетте «Тауды қара» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 738
Алатауды, шіркін-ай, маған берсе деп ақын,
Мұқағали бір күні арман айтқан болатын.
Жұмекен.

Тауды қара
Мүлгіген тауды қара,
Тау – көңілім тау десе даурыға ма?
Шыңға шықпай өрмелеп,
Етегіңде,
Біз аралап жүріппіз бауды ғана.
Бауыры оның
Шыршамен көмкерілген,
Шұбар ала тастар көп төңкерілген.
Ақ қар жатыр басыңда
Түйсіз құздың,
«Орын берші балаңа,
Ең төріңнен!»
Сонда шығар нағыз жыр өлмейтұғын,
Сал-көңілім таппайды желдей тыным.
Кездесермін,
Жұмекен, Мұқаңдармен,
Шолпан жұлдыз солар ғой
Сөнбейтұғын.
... Тауды қара
Ақ шүлен тауды қара,
Тау – көңілім, тау десе даурыға ма?
Тау тұлпар ғой самғаған ...
О, Тәңірім,
Мінгізе гөр тұрман сап,
Нар құлаға.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тауды қара өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тауды қара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тауды қара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тауды қара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері