Айдан ару нәрсе жоқ

Бұл бетте «Айдан ару нәрсе жоқ» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7515
Айдан ару нәрсе жоқ,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен ару нәрсе жоқ
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ,
Тілде бар да, дінде жоқ.
Көшпелі бейнет, көп дәулет
Біреуде бар да, бірде жоқ.
Іздегенмен таппайсың,
Осы кезде белгісіз
Талайдың орны мүлде жоқ.
Ғалымның сөзін тұтпасаң
Жаһилдің жолын ұстасаң,
Көретін шырақ шілде жоқ.
Қайда барсаң жамандар
Аяғың бассаң табалар.
Бір жерге бас қосылған
Екі жақсы елде жоқ.
Тұлғысын көріп, көз тойған,
Туымына - әркім ден қойған,
Билігін бұрмай тура айтқан,
Төбедей билер төрде жоқ.
Жауды көрсе сайланған,
Беліне садақ байлаған,
Бес қаруын асынып,
Белсенген нағыз ер де жоқ.
Қасынан қоңсы кеспеген,
Өзінен байлық өтпеген,
Қайырлы байды еш жерден -
Іздегенмен таппайсың,
Ол - аяқ жетер жерде жоқ..
Таққа мініп, таж киген,
Жұртына жағып, халық сүйген
Ғаріп пенен қасерге
Қамқоры сырттан көп тиген,
Әділетті хан түгіл,
Орнында оның ор да жоқ.
Ұлсыздарға ұл берген,
Қызсыздарға қыз берген,
Кереметін кезінде -
Естіп құлақ, көз көрген,
Әулие түгіл, бұл кезде
Топалаң тияр мерзімді -
Тораңғы біткен қорда жоқ.
Үстіп жүрсе, бір күні
Кіжінуменен құрғырың,
Бастан заулар дүние боқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айдан ару нәрсе жоқ өлеңінің авторы кім?

Базар Оңдасұлы — осы өлеңнің авторы.

Айдан ару нәрсе жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айдан ару нәрсе жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Базар Оңдасұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айдан ару нәрсе жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері