Өлең, жыр, ақындар

Өзіме

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 810
(экспромт)
Ей, ақеділ ақындары Қарағандының!
Қайсыңды табам қарбалас қаладан бүгін?
Кеудеңе тығып жүрмісің елге көрсетпей,
Алланың көктен ерекше тараған нұрын!
Тараған нұрын — жақсының қалаған жырын,
Қағазға салмай қамығып қалар әр күнің.
Басыңды неге қоспайды төбеге жиып,
Қазақтың сөзін тергеуге жараған білім?!
Ей, ақсемсер ақындары Қарағандының,
Жырға жерік боп қажып жүр әр адам бүгін.
Үкімет құсап кеттік-ау күніне өзгеріп,
Патшаның күтіп күйбеңдер жаңа жарлығын.
Мәдиді қуып түрмеге қамаған күнін.
Поштабай надан Біржанды сабаған күнін.
Есіне ап әркез көкбөрі ұлиды-ау деймін,
Абадандары танытпай абадандығын.
Кім келіп қазір ұқтырар маған ар құнын?
Кім беріп уын жанымды жазалар бүгін?
Аласұрамын жалғыз қап топтың ішінде.
Жүрегім менің — көп қорқау қамаған құлын.
Ай, жеке шапқан батырлары-ай Қарағандының...
04.09.2007.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абақты. Декабрист

  • 0
  • 0

Құбыла бетті қан жапты,
Күн екен сөнген өртеніп.
Көктегі анау шаңдақты
қызыл нұр барад көмкеріп.

Толық

Тау суреті

  • 0
  • 0

Қызылқұмар құс-көңілі жасып құр,
Қыран тауды томаға бұлт басып тұр.
Анда-санда саңқ етеді шамданып,
Қырау қатқан ақ иығын қомданып.

Толық

Кертолғау

  • 0
  • 0

Жаздың да соңғы Күні ұшты көкке
салыңқы салқын жымиып.
Тақалды уайым-қылыш жүрекке,
қолқада толқын тұр ұйып.

Толық

Қарап көріңіз