Мәңгіліктің аясы да тар маған

Бұл бетте «Мәңгіліктің аясы да тар маған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 654
Мәңгіліктің аясы да тар маған,
Билік құрсам: аздық етер, бар ғалам.
Сонау, сонау ғарыштардың қойнауы –
Жайлау шіркін, қона жатып, шарлағам.
Бәрі сонда пайғамбар да, пірлер де,
Періштелер сықылықтар іргеңде.
Қоңыз-тірлік, неге саған келдім мен?!
Жайсаңдармен қанаттасып жүргенде.
Таң қаласың, талай әлем ашасың,
Құлагер жүр шаң қаппаған шашасын.
Баба түкті шашты Әзизім – батасын,
Асан Қайғы сыйға берді асасын.
Неге келдім, бұ жалғанға бопсалап?
Өзегіңе бықсысын деп от салат.
Пенделіктің пәтерінде күн кешіп,
Алданасың көңіліңе тоқ санап.
Мәңгіліктің аясы да тар маған,
Билік құрсам: аздық етер бар ғалам.
... Мың сан ойдың шырмауымен буынып,
Түсіп қаппын өгіз шеккен арбадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгіліктің аясы да тар маған өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Мәңгіліктің аясы да тар маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгіліктің аясы да тар маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәңгіліктің аясы да тар маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері