Бұл бетте «Жүреді ғой кездейсоқтау шақ қабат» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Жүреді ғой кездейсоқтау шақ қабат,
Қолдан келсе, білеуіттер таптамақ.
«Сицилия» кафесінде сорпа ішсе,
«Мерсінде» жатқаны анық, автомат.
Бұл – Алматы.
Сұлу қала сұқ қадар,
Жан бітірген тұнып қалған шыққа да әр.
Бас алудан тайынбайды – жігіті,
Жоғарыдан түссе пәрмен,
Нық хабар.
Қонақүйлер ...
«Иномарка» итінген,
Іздеп жүрген қарақшылар күй түннен.
Неткен, қазақ, көнбіс едің?
Жаңылмас,
Тақай жүріс – сол баяғы китіңнен.
Ал біреулер – қолы ұзындар жонданды,
Небір айла сұмдықтарын қолданды.
Бір-ақ түнде Сымағұлов зым-зия,
Ізделмеді,
Қара халық долданды.
... Құбылады сол Алматым, сан әрмен,
Ақша көрсем мен де жолдан танар ма ем?
«Сицилия» кафесінде оңаша,
Назар салдым поэзиялық жанармен.
Сылқ-сылқ күлген қыздар қандай келісті ең?
Өліп-өшіп ...
Өлерменмен өбіскен.
Дәйекшіге ақша берді бопыр көк,
Коньягым у боп кетті мен ішкен.
Қазағым-ай, қоңыз теріп сандалған,
Өз елінде келімсекке жалданған.
Теңгеңді ұстап тек тексіздер,
Сен баққан,
Ақ қойыңның етін жеді мангалдан.
Сыртқа шықтым, уайым боп «сыбағам»,
Еске түсті әлдеқайдан Тұма ағам.
«Еһ-һ» дедім де,
100 долларды лақтырып,
Салып алдым бір «сұлуды» ұнаған ...
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі