Тасқа жанып төзімді
Бұл бетте «Тасқа жанып төзімді» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тасқа жанып төзімді,
Тауға соқтым басымды.
Көрген кезде өзіңді
Көрсетпедім жасымды.
Ынтызарым бір сенде,
Ессіз-түссіз берілдім.
Сүйгенімді білсем де,
Сүйкімсіздеу көріндім.
Өшіп барып бір үміт,
Байқамадым жанғанын.
Кеткеніңде сүрініп,
Демеу бола алмадым.
Мына менде мол кінә,
Қызығыма құм аттым.
Күлдірудің орнына
Қайта-қайта жылаттым.
Көрсетсем де көп азап,
Жүре бердің көріп құр...
Бәрі бүгін,
О, ғажап!
Керісінше болып тұр.
Айрылдым да еркімнен,
(Туды маған басқа күн).
Ақылыңмен, көркіңмен
Байлап-матап тастадың.
Махаббаттың зәріне
Уланатын кезім бұл.
...Көндім, төздім бәріне –
Өлтірсең де, өзің біл!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі