Ауырттың тәнімді
Бұл бетте «Ауырттың тәнімді» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ауырттың тәнімді,
Қинадың жанымды.
Біле алмай қор болдым
Қатерлі халіңді.
Ауырттың басымды,
Көп төктім жасымды.
Ағарта түстім мен
Онсыз да ақ шашымды.
Ауырттың жүректі,
Орнаттың түнекті.
Махаббат саусағы
Кеудеме гүл екті.
Ауырттың жүйкемді,
Бұл ағаң сүйкенді!
Сұңқардың соңында –
Мен де бір ителгі.
...Кеткендей қауіп бір,
Ақша қар жауып тұр...
Енді өзің қуантып,
Енді өзің сауықтыр!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі