Жарқыраған шаңырақтай шамдалдар

Бұл бетте «Жарқыраған шаңырақтай шамдалдар» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 617
Жарқыраған шаңырақтай шамдалдар,
Әшекеймен әдіптелген
Заңғар «Бар».
Күңгірт тірлік,
Әуені ептеп төгілген,
Отырды ішіп,
Салқын сыра
Тарландар.
Келесі бір бөлмесі бар безенген,
Өтіп кеткен мына шындық,
Кезеңнен.
Шаһризада ертегісі түк емес,
Ханшайымдар тыр жалаңаш ...
Көз өлген.
Бильярдты сойып жатыр,
Соқталдар,
Тесік қуып кетеді тас
Соққанда әр.
Құйымырлар асылады қылымсып,
Оларыңда
Ынсап ныспы жоқ таңдар.
Қысылатын, именетін жоқ қарлар.
Бұрқ еткізер қолындағы
Сигарын,
Кеткен қаша-а-ан,
Араласып ми, қарын.
Әлгілерге заң болады
Бұлжымай,
Бір ауыз сөз жігіт айтқан ұйғарым.
Іштім виски
Қалжыраған күйменен,
Көре-көре көргенсізді
Күйген ем.
... Кесіп алып,
Айуанның бастарын,
Тас орнына соқса шіркін,
Кименен.
... Қоғам біздің, шалғайыңды түймелен ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарқыраған шаңырақтай шамдалдар өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жарқыраған шаңырақтай шамдалдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарқыраған шаңырақтай шамдалдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарқыраған шаңырақтай шамдалдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері