Өлең, жыр, ақындар

Ақ мамық – ұлпа төгілді

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 778
Ақ мамық – ұлпа төгілді,
Жасырып жердің сірісін.
Мұң басты бей-жай көңілді,
Ақ сезім әлі тірісің.
Түн қандай тымық,
Салыңқы,
Түзім де шерлі сыңайлы.
Күй кештім, жаным, жабыңқы,
Шерменде жүрек жылайды.
Күздегі кеткен көгілдір,
Көктемде қайта келмейді.
Қайшылық толы
Өмір бұл,
Кеудем бір әнге шөлдейді.
Басылмай кеткен сарығым,
Аңсаумен қалдым қаталап.
Ораласың ба, жарығым?
... Қар жауып кетті апалақ...
Жауапсыз қалған махаббат...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үрейді алып, мысты басып

  • 0
  • 0

Үрейді алып, мысты басып,
Қарашықты шел қаптады.
Мына күннің ыстығы асып,
Ми қайнатты шөлде аптабы.

Толық

Қапырық

  • 0
  • 0

Қапырық ...
Қызыл күн қыр асты.
Беймазамын,
Жаралы жүректі кеулейді, жейді азабым.

Толық

Мұң кеулеп көздің шарасын

  • 0
  • 0

Мұң кеулеп көздің шарасын,
Жеп жатыр мүжіп, жанды дерт.
Мәңгілік тұрмас бар асыл,
Өртеді кенет пәңгіп өрт.

Толық

Қарап көріңіз