Мен кеттім қияли боп, лақсаланып

Бұл бетте «Мен кеттім қияли боп, лақсаланып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Мен кеттім қияли боп, лақсаланып,
Жылт еткен бір нәрсені бақ санадық.
Көкжалқақ мұнар шалған мұңды әлемнен,
Жарады, жаным сені, тапсам анық.
Бейкеспір пендемін ғой дедектеген,
Жырылып, бұл қоғамнан бөлектенем.
Жанымның ауырғанын сезеді де,
Келеді әрқашан да көмекке өлең.
Желемік өзің жақтан есетіндей,
Бір істі жасамайсың бес өтінбей.
Жамылып қызыл іңір барғанымда,
Жолымды қара мысық кесетіндей.
Көзіңді сағынамын нілге малған,
Жібермес бір жалмауыз күндеп алған.
Мағшар сәт – саған да ыстық, маған да ыстық,
Жылт етіп өте шыққан шілде жалған.
Қалайша, сәулім, саған жолығамын?
Алдымда жауын, дауыл...
Долы, қалың.
... Ішемін кеудеңдегі күйігіңді,
Көзіңнен аққан жасқа шомыламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен кеттім қияли боп, лақсаланып өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен кеттім қияли боп, лақсаланып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен кеттім қияли боп, лақсаланып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен кеттім қияли боп, лақсаланып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері