Қапаланып – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қапаланып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 821
Қапаланып,
Жанымды жаныштадым,
Алыстамын,
Мен сенен алыстадым.
Көктем келді,
Көтеріп күн шуағын,
Аққуыммен
Айдында табыспадым.
Білмей қалдым ...
Есіл де
Еңіреді,
Құба Далам
Құлазып
Көрінеді.
Адасып қап қозығы
Кәрі мүйіз, ішін тартып,
Күйік жеп, мөңіреді.
... Алдамшы бір неткен бұл өмір еді ...
Мәні кетті тірліктің
Сағалданып,
Сол пендемін жүретін сан алданып.
Қарашығым тұмасы қасіреттің,
Өтем бәлкім жапақтап,
Алаңдап, ұқ.
Келем әйтеу,
Тірімін,
Қақпаланып,
Қара нөпір қысады
Қаптап алып.
Жүрген кезде жақыным жуықтатпай,
Бекер, бекер ...
Қайтейін жатқа налып?
Көктем келіп,
Жаһанды нұрландырды,
Қызығына бөледі думан –
Қырды.
... Жүрегімде кілкілдеп күндіз-түні,
Бір сағыныш, бір қайғы
Уландырды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қапаланып өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қапаланып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қапаланып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қапаланып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері