Бұл бетте «Өмірсіз ғашық» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Айбасұлы Бірмұхамбетке арнадым)
Құмар боп қоймай,
Сүюге тоймай,
Бал шарап десем сөзінде,
Қапаста тоты...
Махаббат оты
Жанады десем көзінде;
Жайнаған көзі шоқ екен,
Жүрекке атқан оқ екен.
Көрінді өзі,
Лебізі, сөзі
Ұжмақтың шарап суындай.
Сүйген соң тілдің
Дәмін мен білдім:
Жыланның зәһәр уындай.
Ернінен маған сүйдірді,
Уына бірақ күйдірді.
Ғашыққа нандың,
Өрт болып жандың,
Сұм жүрек, енді қойсайшы!
Аққуды құштың,—
Сұңқар боп ұштың,
Қу көңіл, енді тойсайшы!
Өмірсіз жарды сынарсың,
Енді, бәлем, тынарсың.
1919 жыл, қазан, Арқа, Сарысу
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі