Жарқыным-ай, осылай пешенеміз – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жарқыным-ай, осылай пешенеміз» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 907
Жарқыным-ай, осылай пешенеміз,
Өстіп жүріп тірлікке төселеміз.
Жасымашы, қылаудай ренжіме,
Бір күндері көгерер көсегеміз.
Бірімізге біріміз селбесеміз,
Өстер ме едік, үлкендер сенбесе біз?
Жығыламыз, қайтадан оңшаламыз,
Қиындықпен қасқая белдесеміз.
Шыда, шыда.
Егіліп жасқанбағын,
Сездірмеші, еңсеңді басқанда мұң.
Оңайлықпен түспейді уысыңа,
Қолың жетпес асылың аспандағың.
Бар қуатың, сенемін түгесілмес,
Жібермегей тірлікке үлесіңді еш.
Өжеттікті көрем де әлденемін,
Өмір – күрес,
Арпалыс,
Күйесің бе еш?
Кейи көрме әр түрлі адам деген,
Суымасын сезімің маған деген.
Пана болар жаныма мөлдірлігің,
Ылайлансаң, айнамкөз, табанда өлем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарқыным-ай, осылай пешенеміз өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жарқыным-ай, осылай пешенеміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарқыным-ай, осылай пешенеміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарқыным-ай, осылай пешенеміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері