Серт – Ғайникамал Сәдуақасова

Бұл бетте «Серт» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Серт

Қыз едім көп нәрседен қорықпайтын,
Жағымсыз жамандыққа жолықпайтын.
Тағдыр маған қабағын түйіп алып,
Неге өгей санап жүр соны ұқпаймын!

Себептерсіз сынақтарға кезіктім,
Көз жасыммен бар мұңымды сезіппін.
Сәттілікке билет іздеп жүргенде,
Бақытымның пойызынан кешіктім!

Бір күні менің бағым жанып кетер,
Бар мұңымды біреу кеп алып кетер.
Жарқырап әлі талай таң атады,
Өкінішпен өтпесінші уақыт бекер!

Бұл тағдырды өзіме табындырам,
Арманыма жетемін сағындырған.
Алла өзі оң көзін салып тұрса,
Әлі талай белесті бағындырам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар