Бұл бетте «Күз қызымын» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Күз қызымын
Өмір неге салады өктем көзін?
Мәңгі қатар жүреді от пен төзім.
Күздің қызы деді де көрінбейді,
Неге маған қимайды көктем өзін.
Ертең-ақ күн шығады, күн шығады,
Деп кеудемде жасқыншақ үн шығады.
Сол күнді үздіксіз күтуменен,
Қиялым өз - өзімен тұншығады.
Қара бұлтта бар мұңды төндіреді,
От жаңарды жаңбырмен сөндіреді.
Бара-бара барамын бейімделіп,
Күздің өзі көктем боп көрінеді.
Бақытты емес бар адам жүзі күлген,
Шынайы күз ұнайды сызыменен.
Қабылдайын, түсініп, түйсінейін,
Қайта күздің еп-ерке қызымын мен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі