Естімей гүл әуенін, құстар әнін – Құралай Омар

Бұл бетте «Естімей гүл әуенін, құстар әнін» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 919
Естімей гүл әуенін, құстар әнін,
Жүректі тіліп өтті ұстара - мұң.
Сен менің өмірім ең, өлеңім ең,
Мен саған таңда көрген түс қанамын.

Арманымды сөндіріп көк те міне,
Тоңдырған сен бе,
Әлде көктемім бе?
Жақсы еді ғой, бәрі де тәтті еді ғой,
Оянып кеткенің не?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері