Жасырынбақ ойнап жүрміз –
Құралай Омар
Бұл бетте «Жасырынбақ ойнап жүрміз» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасырынбақ ойнап жүрміз,
Жасырынып бірімізден-біріміз.
Бір әлемде сөздер суық,
Сезім - ызғар, гүлі - мұз.
Хат та жазбай, хабарласпай, өп-өтірік ұмытып,
Әр сәт сайын бақылаймыз...
Осы - ұмытқан түріміз.
Көңілімді қамшы осып, қанжар және сұғылып,
Әлім келмей әрі асуға, қайта-қайта жығылып
Жүргенімді көрсетпеймін,
Күліп түсіп суретке,
Кешке қарай жылап жатам жүрегіме тығылып.
Үнсіз қалсам, белгі беріп, дауыстасам - жортасың,
Қашасың да сұр әлемге, құшақтайсың сор тасын.
Жасырынбақ ойнап жүрміз,
Жалғасады қашанға?..
Жақындауға жүрексініп,
Жоғалтуға қорқасың.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі