Бұл бетте «Жолайырықта жолықтық» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жолайрықта жолықтық, жол екіге бөлінді.
Өзіңізсіз өмірім тым көңілсіз көрінді.
Кезіктіңіз неліктен жүрегімнің сорына?
Шыға алмадым, шырмалып сезімімнің торына.
Сағынышым түндерде жөнеледі хат болып,
Жүдетеді жанымды кеткеніңіз жат болып.
Саусақтарым сүйеді телефонның пернесін,
Қайда жүрсіз, қай жерде, енді оралып келмесім?
Армандарым алыста, жұлдыздан да жоғары,
Белгісіздеу бақыттың қайта айналып соғары.
Балауызын үміттің көз жасыммен сөндірдім,
Хат жазбауға өзімді әрең-әрең көндірдім.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі