Жаным жүдеу, жүз сынық, ішім нала – Құралай Омар

Бұл бетте «Жаным жүдеу, жүз сынық, ішім нала» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 836
Жаным жүдеу, жүз сынық, ішім нала,
Неге ұшады әуеде құсым дара?
Алданғаным арманға бекер екен,
Сізді көрген сәттерім – түсім ғана.

Өң емесін енді ұқтым, өң емесін,
Бұл шындыққа жүрек пен көне ме есім?
Жолығып қап деген ем, қолтығымнан
Сізден өзге ешкім де демемесін.

Тарқады ма көңілдің шеруі шын,
Неліктен құшағым мұң, шер уысым?
Қай қиырды бетке алып кетсем екен,
Тәтті түсті тағы да көру үшін?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері