Бәрiмiз нүктемiз түбiнде – Құралай Омар

Бұл бетте «Бәрiмiз нүктемiз түбiнде» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 880
Бәрiмiз нүктемiз түбiнде.
Бақытты сұраймыз бүгiнге.
Керек пе?!
Жалғанның қызығын, байлығын
Ол жаққа апара алмаймыз, түгiн де –
Қабiрге қойылған ең соңғы гүлiн де.
Жаныммен аттанар тек қана өлеңiм,
Жазылған мөп-мөлдiр тамшының үнiнде.
Сұрақшы тiзгенде қатемдi,
Жыр оқып беремiн,
Перiште түсiнер жүректiң тiлiнде.
Жұмаққа жол алып жырларым, жаным да.
Дос қылған адамын, құсын да, аңын да,
Мен сосын оянам пейiштiң таңында.
Алланың қардай ақ сенiмiн арқалап,
Әзiрге жүрмiн-ау сол сәттiң қамында.
Күндерiм жоғалды, таң ұмыт, кеш ұмыт.
Қол бұлғап алыста неше арман, неше үмiт
Жетелеп жүрiп-ақ есейттi, өсiрiп.
Құдайын ұмытқан жандарды
Адам деп түсiнiп,
Пенде деп кешiрiп,
Қаламға құйылған Тәңiрдiң жолдарын
Кей-кейде отырам қағазға көшiрiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрiмiз нүктемiз түбiнде өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Бәрiмiз нүктемiз түбiнде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрiмiз нүктемiз түбiнде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрiмiз нүктемiз түбiнде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері