Ақ қарыңды сағындың ба, қара жер –
Құралай Омар
Бұл бетте «Ақ қарыңды сағындың ба, қара жер» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ қарыңды сағындың ба, қара жер,
Өткен күнге жете алмай өкiнiп.
Аяп сенi ағаш дедi:
“Ала бер,
Мамығым – қар”
...Қона алмады...
... Өтiрiк...
Ол алдады ұсынып көп ұлпаны,
Тұрақсыздар
арман жырын төкпедi.
Көрiнедi бұйра-бұйра бұлт, әнi,
Олардан да әлде қайыр жоқ па едi?!
Шашын жайып аспан сақ-сақ күледi,
Ақ қар емес, тамшыларын лақтырып.
Лайсаң кешiп менiң тәнiм жүр едi,
Өңсiз жаңбыр арсында бақ құрып.
Түссiзденiп барамын ба, Жер – Ана?
Қар сияқты ақ едiм ғой (сұрағым)
Ақ мамықты қашты тағы жел ала,
Дәл мен сынды таппады ол тұрағын...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі