Далада дауыл емес, сұйық жел естi – Құралай Омар

Бұл бетте «Далада дауыл емес, сұйық жел естi» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 747
Далада дауыл емес, сұйық жел естi,
Жанымды мұң торыды, күйiк емес-тi.
Түсiмде көрiп сенi жете алмай,
Оянып кеттiм тағы сүйiп елестi.
Iздедiм елесiңдi қуып сағымды,
Жеңгендей болып едiм жуықта мұңды.
Көңiлiм жер боп қалды көкте жүрген,
Көрген соң сенсiз тұрған суық тағымды.
Сен жоқсың, кеткiм келдi кезiп даланы,
(Қалайша жақсы көргем төзiп қаланы?)
Саған деген сағыныш жүрегiмдi,
Сеземiсiң, жаным-ау, езiп барады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері