Махаббаттың масайып шарабына –
Құралай Омар
Бұл бетте «Махаббаттың масайып шарабына» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
М ахаббаттың масайып шарабына,
Е сеңгiреп есiмнен айырылдым.
Н ұр боп әлде бойыма таралды ма,
С аған неге соншама қайырылдым.
Е лестетсем өзiңсiз өмiрiмдi
Н алимын да қайғырып, жылаймын шын.
I ңкәрлiк билеп алды көңiлiмдi.
Ж үрген едiм бұрындар уайымсыз.
А ңсаумен өтiп жатыр түндерiм де,
Қ иялымда құс болып қалықтайсың.
С үйгендiктен күтемiн күнде-күнде,
Ы нтықпын ғой – тосудан жалықпаймын.
К үш тартады менi бiр саған қарай,
Ө зiңсiз өмiр мүлде жабықтырды.
Р ет-ретiмен қойылған бағанадай,
Е ш қызықсыз, бiркелкi күндерiм де
М езi еттi, қажытты, жалықтырды.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі