Жез бе едi?! – Құралай Омар

Бұл бетте «Жез бе едi?!» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Жез бе едi?!
Жаным жүдеу, тұл халiмдi,
Өзiн қимай тұрғанымды
Сезбедi.
Ойымдағы сол едi зиялым да,
Менiң бейнем оның аппақ қиялында
Кезбедi.
Шешiп алды таң сырғаны,
Жүрегiмнiң жаншылғаны
Сөз бе едi...
Сағынышқа (көрiп көптi)
Аппақ қар да ерiп кеттi,
Төзбедi.
Сызылды,
Аппақ әлем жасылданып,
Жанардағы жас ұрланып,
Бұзылды.
Болмаған соң күлкi иманды,
Тұрақтамай бұл күй мәңгi,
Күз iлдi.
Сап-сары боп атыраптар,
Сағыныштан жапырақтар
Үзiлдi.
Сағынышқа (өңдi шайған)
Төзудi мен ендi қайдан
Ұғамын?!
. . . . . . . . . . . . . . . . .
Айтшы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері