Көрiнермiн жұмбақ тым – Құралай Омар

Бұл бетте «Көрiнермiн жұмбақ тым» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 805
Көрiнермiн жұмбақ тым...
Қиял – теңiз, тереңiне шым баттым.
Өзiңiздi аңсадым.
“Сiз” деп соққан жүрегiмнiң лүпiлiн
Келiп едi тыңдатқым,
Қымбаттым.
Жоқсыз.
Өзiмдi-өзiм алдадым.
Тек күтумен күндерiмдi жалғадым.
Келсеңiзшi...
Құлақ тосшы... көкiректi жарған үн
Сiзге арналған, ардағым.
Естiмейсiз... жүрегiңiз құлақсыз...
Көрiнбейсiз, бiр қалада жүрсек тағы, жырақсыз.
Сiрә, менi ұм
ытқан да боларсыз
...Алтыннан да бағалысыз бiрақ сіз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері