Неге сенен алыспын? – Құралай Омар

Бұл бетте «Неге сенен алыспын?» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 758
Неге сенен алыспын?
Сағынышқа шарпылып,
Түні бойы өз-өзіммен алыстым.
Түпсізіне сүңгітіп ең қиялдың,
Сыйлаймын деп бір бөлшегін ғарыштың.
Енді неге...
Неге сенен жырақпын?
Күрсіндіріп күп-күрең күн,
Өксітеді жылап түн.
Арманыма қанат байлап
Құс жолымен самғап ем.
Құлаттың.
Күз бояған жапырақтай
Жерге келіп жығылдым.
Қолыңа алып аялашы...
Сенен өзге жылыта алмас
Жас жауратқан жанымды...
Ұғындым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері