Өз-өзіммен күні бойы егесем – Құралай Омар

Бұл бетте «Өз-өзіммен күні бойы егесем» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 3020
Өз-өзіммен күні бойы егесем,
Іште – дауыл, сыртта көктем демесең.
Тыныш жатқан жүрегімді тулатып,
Сабырымды ұрлап кеттің неге сен?
Сезімімнің тартып жүрмін азабын,
Сенсіз күндер бекер екен, қаза – күн.
Саусақтарым телефонның пернесін
Сүйіп жатып, тағы да хат жазамын:
«Ғашық болып қалдым саған, кешірші...»


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері