Бағдаршамның жасылы жаңылысып өше ме?
Бұл бетте «Бағдаршамның жасылы жаңылысып өше ме?» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бақытгүл Бабашқа
Бағдаршамның жасылы жаңылысып өше ме?
Кісі толы көлікте,
Көлік толы көшеде
Көкірекке кептелген күрсіністі көтеріп,
Қайтып барам бүгін де,
Солай болған кеше де.
Өмір деген осы ма?
Маңдайыма сызылған осы ма еді пешене?
Жүрегімде қатқан мұң жанарымнан сырғиды,
Үміт кейде жұбатып, «бір бақытың тұр», – дейді.
Аппақ бұлтқа айналған арманыма жетем деп,
Байқамаппын орды да, аңдамаппын ылдиды.
Құлап едім, қаңтар кеп: «тағы, – деді, – тайыңыз».
Қашан туар оңынан адастырмас Айымыз?
Топ ішінен өзімді таба алатын емеспін.
Қалай сіздің жайыңыз?
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі