Жазмыштың құлымыз – Құралай Омар

Бұл бетте «Жазмыштың құлымыз» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 985
Жазмыштың құлымыз,
салғанына көндiгемiз шарасыз.
Күн дөңгелеп, ай жылжыды жаңасыз.
Жалғыздығым жабықтырды iздедiм,
Сiздi қайдан табамын?!
Менi қайдан табасыз?..
...Тоқыраған көңiлiмдi толтырып,
Тым алыстан
Қиялымның терезесiн қағасыз,
Жанарымда үмiт болып жанасыз...
Кiм бiледi,
Бәлкiм сiз арманымда ғанасыз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері