Амансың ба, қалай, – деп, – көңiл-күйiң? – Құралай Омар

Бұл бетте «Амансың ба, қалай, – деп, – көңiл-күйiң?» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1133
“Амансың ба, қалай, – деп, – көңiл-күйiң?”
Сұрамады сүйгенiм... жыр көшедi.
Қоңыр күздей киiп ап қоңыр киiм,
Кезiп келем жабырқау сұр көшенi.
Сұр көшеден, күп-күрең бақ iшiнен
Таба алмадым жанымның жарасымын.
Мөлдiреген сезiмнен тағы iшiп ем,
Қуантпады... Суланды қарашығым.
Бал ма деп ем, бәрi де бекер ме едi?
Қоңыр үнiн естiгiм кеп тұр едiм ғой.
Телефонды, қайтейiн, көтермедi,
Шырылдаған, бiлмедi ме, жүрегiм ғой...
Қоңыр даусын естiмедiм қоңыр күзде...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері