Көз жасыммен тұншықтырып күлкімді – Құралай Омар

Бұл бетте «Көз жасыммен тұншықтырып күлкімді» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 760
Көз жасыммен тұншықтырып күлкімді,
Өтті күнім, өткіземін бұл түнді
Жалғыз өзім,
Сезбедіңіз,
Кеудемдегі кесек ет қызғаныштан бұлқынды.
Жанар атты бұлтымды
Ағыл-тегіл селдетіп,
Оңашада отырам, айта алмай елге түк.
Өмірімді енді мен өзгертемін деп едім,
Жалғыздыққа оралдым, басқан ізім кер кетіп.
Қайтадан сол тіршілік,
Бас шайқаймын “текке” деп.
Жүрегімнің моншағын шашып алдым көкке кеп.
Сүйенішім – қаламым,
Аппақ қағаз – достарым,
Тек солармен жұбанып, мұңайып һәм өкпелеп
Жыр жазамын түнімен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көз жасыммен тұншықтырып күлкімді өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Көз жасыммен тұншықтырып күлкімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көз жасыммен тұншықтырып күлкімді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көз жасыммен тұншықтырып күлкімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері