Мазалайсыз түске кеп – Құралай Омар

Бұл бетте «Мазалайсыз түске кеп» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 773
Мазалайсыз түске кеп!
Ұмытар ем. Ұмытуға күш керек!
Сағыныштан өксігіме тұншығып,
Енді өзіңіз сүймейтін ерінімді тістелеп,
Жатам жалғыз,
Жалға алған үйімде.
Тіріге ұқсап, ішім өлген күйімде.
Қоштасқалы осылай.
“Қош” деу әлде сезіміме қойылатын түйін бе?
Сенбедім!
Сенделдім, бір отырып, бір шығып,
Жүрегімнен жас орнына жыр сығып.
Ең соңғы рет “сүйемін” деп айтпақ болып тоқтатып,
Сөз таба алмай тұрып қалдым қырсығып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері