Тағдырға бағынып, көнеміз

Бұл бетте «Тағдырға бағынып, көнеміз» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1740
Тағдырға бағынып, көнеміз,
Десек те “өмірге иеміз”.
Бір ысып, бір суып денеміз,
Мұздаймыз, жанамыз, күйеміз.
Қайдасыз, қай жерде кемеңіз?
Қай қырдан көрінер төбеңіз?
Ақылшым, “ақымақ” демеңіз,
Шашымнан сипалап, басымды сүйеңіз.
Жұбатар деп сізге сенеміз,
Және де тек сізді сүйеміз
Жүрек екеуіміз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері